Мәскеуде Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт өтті
Мәскеуде Нұрғиса Тілендиевтің жүз жылдығына арналған концерт өтті. «Әлқисса» деп аталатын шығармашылық кеште қазақың күйі күмбірлеп, әуезді ән шырқалды. Тек Ресей астанасы емес, өзге де өңірлерден арнайы келген қонақтар қазақтың ұлттық музыкасына қанығып, қызығушылықтарын білдірді.
Күй құдіретін жүрекке жеткізген композитордың мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланады. Қазақтың дәулескер күйшісіне арналған концерт Мәскеу төрінде де өтті. Оны тамашалауға тек қала тұрғындары емес, Ресейдің өзге аймақтарынан да қонақтер келді.
Дәурен Абаев, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясыныңдағы төтенше және өкілетті елшісі:
Қазақтың кең сахарасында ғасырлар бойы ұлы даланың үнін жеткізген күй өнері бар. Домбыраның қос ішегінен төгілген әуен халықтың тарихын, қуанышын да, қасиетін де жеткізіп отырған. Сол дәстүрді жиырмасыншы ғасырда жаңа белеске көтерген қазақ өнерінің титан тұлғасы Нұрғиса Тілендиев. Оның қаламынан туған әрбір шығарма халықтың жүрек лүпілі, даланың тынысы, елдің үні.
Қазақтың музыкасына өшпес із қалдырған ұлы композитордың шығармаларын «Ақжауын» камералық оркестрі, «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблі ұсынды. Сондай-ақ қазақстандық сахна жұлдыздары да дәулескер күйшінің шығармаларын орындады.
Владимир Гвоздев, қала тұрғыны:
Мен Мәскеуде он жылдан астам тұрамын. Осы концертке шақырту алып, қуандым. Жанды музыканың орны бөлек қой. Жалпы осындай қазақтың ұлттық концерттері Мәскеуде көбірек өткізілсе екен деймін.
Күй қыранына арналған шаралар Ресейдің өзге де өңірлерінде жалғасады. Ал Мәскеудегі концерт аясында Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық мұражайдың көрмесі ұсынылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
