Қазақстанның цифрлық болашағы талқыланды
«Цифрлық оптимизм және жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан». Дәл осындай тақырыппен бүгін «Amanat» партиясының орталық аппаратында сараптамалық талқылау өтті. Жиынға қатысушылар Президенттің Жолдауда жүктеген міндеттерін жүзеге асыру жолдарын қарастырды. Бүгінде еліміздің цифрлық трансформацияның жаңа кезеңіне аяқ басқаны рас. Орталық Азиядағы алғашқы суперкомпьютер іске қосылып, биыл Alem.AI жасанды интеллекттің ұлттық орталығы ашылмақ. Мемлекеттік қызметтердің 92%-ы онлайн форматта қолжетімді. Технология қарыштап дамып келе жатқан шақта ақпараттық қауіпсіздік басты мәселе. Диалог алаңында «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы, жеке деректерді қорғау, этикалық стандарттар тақырыбы көтерілді.
Екатерина Смышляева, Мәжіліс депутаты:
Цифрлық заңнамада ең маңызды және негізгі принциптер ашықтық пен қауіпсіздік. Дербес деректерді қорғауға баса мән бердік. Сондай-ақ технологияның қарқынды дамуының жанама әсерлері бар екенін білесіздер. Авторлық құқық, цифрлық қауіпсіздік, салаға ұзақ мерзімді инвестициялау және т.б. мәселелер. Жаңа құжатта мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың жасанды интеллект технологияларын пайдалану ерекшелігі де қарастырылған.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Вашингтонда бүгін Израиль-Ливан келіссөзі өтеді
14.04.2026, 20:15
Вашингтон мен Тегеран келіссөздердің екінші раундын өткізу мәселесін талқылап жатыр
14.04.2026, 20:12
Ертеңнен бастап мобильді аударымдар тексеріледі
14.04.2026, 20:10
Елімізде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8,5 пайызға өсті
14.04.2026, 20:07
Ажырасуға өтінім берген 400-ге жуық ерлі-зайыпты татуласты
14.04.2026, 20:05
«Қазақстан халқына» қоры: 134 қайырымдылық жоба бекітілді
14.04.2026, 20:05
Күніне 100-ден астам адамды ит қабады
14.04.2026, 20:05
Былтыр Жетісу облысына 610 млрд теңге инвестиция тартылған
14.04.2026, 20:04