Президент: Діни дипломатияның әлеуетін пайдалану маңызды
Дін басшылары гуманистік көзқарастарды ту еткен бейбітшілік елшілері. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Сын-қатерлер көбейіп, халықаралық ахуал ушығып тұрған уақытта діни дипломатияны дұрыс пайдалану маңызды. «Дүниежүзінде мұндай үлгі тұтар талпыныстар бар» деген Президент, бүгінгі съезді, Адамзат бауырластығы туралы құжат, Мекке декларациясы, Бахрейн форумы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі «Ибраһим зәузатының үйін» мысалға келтірді.
Қасым-Жомарт
Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Халықаралық және өңірлік ұйымдар деңгейінде діни дипломатияның әлеуетін пайдалану маңызды. Осыған дейінгі Съезд аясында көтерген «Бейбітшілік қозғалысы» атты идеямды талқылауды ұсынамын. Жоғарғы дін қызметкерлері зорлық-зомбылықты тоқтатуға және бітімге келу жолдарын іздеуге ешқандай саяси реңксіз, бейтарап үндеу жасау арқылы аталған қозғалысқа моральдық тұрғыдан демеу бола алар еді. Адам өмірінің құны, жанашырлық пен мейірбандық секілді жалпыға ортақ құндылықтарға негізделген бұл бастама діндар қауымды ғана емес, саясаткерлерді, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік емес құрылымдар өкілдерін, сарапшыларды, тіпті жастарды да біріктіре алады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28