Басты Жаңалықтар Шымкентте ағайынды чемпиондарға құрмет көрсетілді

Шымкентте ағайынды чемпиондарға құрмет көрсетілді

Шымкентте әлемнің ағайынды чемпиондары атанған Махмұд пен Төрехан Сабырхандарға ерекше құрмет көрсетілді.

Кеше түнде Шымкент халықаралық әуежайына жеткен бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздарын жергілікті билік өкілдері мен туыстары, сондай-ақ жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды. 2023 жылы Ташкент төрінде чемпион атанған Махмұд Сабырхан бұл жолы да алтыннан алқа тағып, Әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанды. Ал оның бауыры Төрехан Сабырхан алғаш рет жеңімпаз атанып, қазақ спортының тарихында 19 жасында Әлем чемпионы атанған тұңғыш спортшы ретінде есімін жазды. Бұл жетістіктің артында оларды бала кезден боксқа баулыған бапкері – Ілияс Оралбековтың еңбегі зор.

Махмұд Сабырхан, екі дүркін Әлем чемпионы:

Біз мұнымен тоқтамаймыз. Алдымызда әлі Азия ойындары келе жатыр. Тағы да Астанада Әлем чемпионаты өтеді. Сол жерде тағы да чемпион атанып, Олимпиадаға лицензия болады. Ағайынды Әлем чемпионы атандық. Ендігі мақсатымыз – ағайынды Олимпиада чемпионы болу.
 

 

Бөлісу