Астанада Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі басталды
Астанада Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі басталды. Дін өкілдерінің дәстүрлі шарасына биыл 60 елден 700-ге жуық делегат келген. Дәл қазір шараның ашылу салтанатынан әріптесіміз тікелей ақпарат таратуға дайын.
Ақниет Балтанова, тілші:
Бүгін Астана тағы бір мәрте өркениеттер диалогының жаһандық алаңына айналып отыр. Бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтуды мақсат еткен бұл жиынға түрлі діндердің көшбасшылары, халықаралық ұйым өкілдері, саясаткерлер мен беделді сарапшылар қатысып жатыр.Биылғы съездің басты тақырыбы — «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» деп аталады. Шара аясында 4 ірі панельдік сессия жоспарланған. Біріншісі - адамзатты ортақ мүддеге ұйыстырудағы діндердің рөлі. Екінші - Дін – әлемнің орнықты дамуының факторы. Үшінші - Цифрлық даму және жасанды интеллект дәуіріндегі рухани құндылықтар. Төртінші - экстремизмге қарсы күрес. Съездің ашылуынан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен пленарлық отырыс өтеді деп жоспарланып отыр. Онда жаһандық қауіпсіздік, дінаралық келісім, рухани тәрбие, жастар арасындағы радикализмнің алдын алу сынды тақырыптар талқыланады.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02