Қарызын кешіктіргендерге несие рәсімделмейді
Енді несие төлемін кешіктірген азаматтарға жаңа қарыз берілмейді. Яғни банктерге қарызын 30 күнге кешіктіргендерге, микроқаржы ұйымдарына бір күнге кешіктіргендерге несие рәсімдеуге тыйым салынады. Бұл өзгерістер «Банк туралы» жаңа заң жобасында қарастырылған. Сонымен қатар, банк қарызы енді мемлекеттің емес, акционердің мойнында болады. Қажет болса мемлекет қаржы құйып, акционер атана алады. Сондай-ақ Цифрлық теңге енгізіліп, төлем құралы ретінде кеңінен қолданылмақ. Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, цифрлық теңгеге пайыз жүрмейді, ол депозит емес. Оның басты артықшылығы – төлем қауіпсіздігі мен алаяқтық жағдайында қаражатты толық бұғаттау мүмкіндігі.
Айбар Олжай, экономист:
Бұл, әрине, банктер үшін оңай емес. Өйткені ол жеке тұлғалардың кредиттік портфелінің азаюына әкелуі мүмкін. Дегенмен екінші жағынан, бұл банктерге проблемалық клиенттерді, яғни S санатындағы кредиттерді азайтып, қаржылық тұрақтылығын реттеуге мүмкіндік береді.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02