Өзбекстан зейнет жасын өсіруді жоспарлай бастады
Өзбекстан зейнет жасын кезең-кезеңімен ұлғайтуды жоспарлап отыр. Еңбек демалысына шығу жасы ерлер үшін 60-тан 63-ке, әйелдер үшін 55-тен 58-ге артуы мүмкін. Бұған дейін тек ұсыныс күйінде болған бастама енді жалпыхалықтық талқылауға шығарылмақ. Халқының саны 38 миллионға жуықтайтын Өзбекстанда 3 миллионнан астам зейнеткер бар. Бұл – елдегі тұрғындардың шамамен 9%-ы. Еңбек демалысындағы азаматтар қатары көбейген сайын бюджетке түсетін салмақ артатыны белгілі. Жұмыс істейтіндердің салығы есебінен зейнеткерлерге ақы төленеді. Осыған орай «Қазіргі зейнетақы жүйесі нарықтық экономикаға сай келмейді» деген пікірлер соңғы кезде жиі айтыла бастаған еді.
Равшан Назаров, әлеуметтік сарапшы:
60 жастағы ерлер мен 55 жастағы әйелдер тәжірибесі мол, нағыз еңбек адамы ретінде қалыптасқан азаматтар. Көпшілігі зейнетке шыққанымен, жұмысын ары қарай жалғастырып істеп жатады. Жүйеде тұрақтылықты сақтау, экономикалық тәуекелдерді ескеру тұрғысынан алғанда мұндай жаңашылдық керек деп ойлаймын.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қазақтың дәстүрлі әндерін ұлықтады
05.11.2026, 13:13
Кітап оқитын ұлт: Жаңа энциклопедия жарық көрді
05.11.2026, 13:10
Қазақтың үш мәдени мұрасын ЮНЕСКО тізіміне ұсынды
05.11.2026, 13:09
Ақтөбе облысында тағы бір спорт мектебі ашылды
05.11.2026, 13:08
Су ресурстарының ситуациялық орталығы ашылды
05.11.2026, 13:07
«Kaztalov-invest» II аудандық инвестициялық форумы өтті
05.11.2026, 13:05
Электр энергиясы өндірісін арттыру – стратегиялық міндет
05.11.2026, 13:04
Депозиттерге ешқандай салық салынбайды
05.11.2026, 13:03