Бокстан тарихи жеңіс сыйлаған қыздарымыз елге оралды
Алматылықтар Ливерпульде жалауымызды көтерген боксшы қыздарымызды түнде әуежайдан күтіп алды.
Ел мақтаныштарын жанкүйерлері, жақындары мен спортшылар қарсы алды. Әйелдер ұлттық құрамасы байрақты бәсекеде тарихи жетістікке қол жеткізді. Бірнеше спортшымыз финалға дейін жетіп, жүлделі орындардан көрінді. Олардың арасында Әлем чемпиондары Алуа Балқыбекова, Аида Әбікенова, Наталья Богданова, күміс жүлде иеленген Назым Қызайбай және қола жүлдегерлер Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова бар. Бұл – Қазақстан боксының жаңа белесі. Әйелдер құрамасының табысты өнер көрсетуі – отандық бокстың дамып келе жатқанының айғағы дейді мамандар. Жас спортшылар жарыстың оңайға соқпағанын айтып, алдағы Олимпиада ойындарында да ел үмітін ақтау үшін дайындықты жалғастыра беретіндерін жеткізді.
Алуа Балқыбекова, бокстан Әлем чемпионы:
Жартылай финал кішкене қиын болды. Үшінші раундта қытайлық спортшымен кездесіп, бірақ дұрыс тактика құрғанымыздың арқасында жеңіске жеттім. Ал ақтық сында екі дүркін Олимпиада күміс жүлдегерімен жолығып, жақсы дайындықтың арқасында жеңісті қолдан бермедік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
