Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезі хатшылығының отырысы басталды
Астана кезекті мәрте жахан елдерін бейбітшілікке үндейді. Елордада әлемдік дінбасылары бас қосып жатыр. Олар қандай мәселені талқыламақ? Бейбітшілік және келісім сарайынан әріптесім Шерхан Жамбылұлы тікелей эфирге қосылды.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Дәл қазір әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі хатшылығының 23-отырысы басталып жатыр. Бұл ертеңгі, негізгі жиын қарсаңындағы әзірлік басқосу десек болар. Оған Сенат спикері Мәулен Әшімбаев төрағалық етіп отыр. Қатысушылар бүгін форумның күн тәртібін бекітіп, Ізгі ниет елшілерін сайлайды. Сондай-ақ мұнда съезде қабылданатын «Астана бейбітшілік декларациясы» талқыланбақ. Бұл маңызды құжатта рухани көшбасшылар қазіргі сын-қатерлерге қарсы тұру жөніндегі ортақ көзқарасын білдіреді.
Асқар Сабдин исламтанушы, теолог:
Жалпы, осы жиын аясында өтетін іс-шарар өте көп. Мәселен, бүгін түстен кейін алғаш рет съез аясында БҰҰ қамқорлығымен діни нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сессия өтеді. Ал бейсенбі күні Жас діни көшбасшылардың II форумы жоспарланған. Оксфорд орталығы, Роттердам университеті және басқа да беделді ғылыми мекемелердің ғалымдары шақырылған сараптамалық дөңгелек үстел жоспарланған. Сонымен қатар, жаңа кітаптардың тұсаукесері, түрлі дін өкілдерінің ондаған екіжақты кездесулері жоспарланған. Жалпы, бұл жиынға 60 елден келген 700-ден астам мәртебелі мейман қатысып жатыр.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыМал шаруашылығы қызметкерлері күні
14.06.2026, 12:19
Қазақстанда Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні атап өтілуде
14.06.2026, 12:18
Астанада «Əділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады
14.06.2026, 12:17
Волонтерлық қызметтің Конституцияда айқындалуы жастарға серпін береді
13.06.2026, 20:57
Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті
13.06.2026, 20:07
АҚШ құрамасы Парагвайдан басым түсті
13.06.2026, 20:05
14 маусым – дүниежүзілік қан доноры күні
13.06.2026, 20:05
Аймақта озық ғылыми жобалар жүзеге асып жатыр
13.06.2026, 20:05