Биыл 140 мың оқушы «Келешек мектептерінде» білім алып жатыр
- Биылғы жаңа оқу жылында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 150 білім ошағы оқушылар үшін есігін айқара ашты. 140 мыңнан астам білім алушы жаңа мүмкіндіктерге ие болды. Олай дейтініміз, бұл білім ошақтарының материалдық-техникалық базасы, оқу-тәрбие процесі ерекше. Мәселен, мектеп дәлізі, оқу кабинеттері әдеттегі стандарттан 30 пайыз үлкен. Әр мектепте 4 спортзалдан бар. Балаларға мен ұстаздарға бос уақытын тиімді пайдалануға арналған демалыс орындары ұйымдастырылған. Ал білім жүйесі ерте жастан кәсіби бағдарлауға бағытталған. Айта кетейік, «Келешек мектептерінің» жартысынан көбі ауылды жерлерде бой көтерді.
- Қаныбек
Жұмашев, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы:
- Әртүрлі иновациялық әдістер, идеялар жүзеге асыру - осы «Келешек мектептерінде» жүргізіледі. Осылайша, бұл мектептер орта білім беру саласының дамуына ерекше серпін беретін мектептерге айналады. Бұл мектептер гимназия емес, лицей емес, тұрғылықты жерде балаларға сапалы білім беруге бағытталған білім ордалары.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16