Басты Жаңалықтар Астанада этножурналистика тақырыбында медиафорум өтіп жатыр

Астанада этножурналистика тақырыбында медиафорум өтіп жатыр

«Заманауи медиакеңістіктегі этножурналистика». Астанада дәл осы тақырыпта медиафорум басталды. 4 күнге жалғасатын іс-шараға елдің түкпір-түкпірінен келген медиа өкілдері, баспасөз хатшылары және депутаттар қатысып жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған форумда этносаралық диалог мәдениетін қалыптастыру, толеранттылықты нығайту, өңірлер арасында тәжірибе алмасу мәселелері талқыланбақ. Сондай-ақ жиын барысында этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленеді.

Сәлімхан Сәбитов, СҚО «Қоғамдық келісім» КММ қоғаммен байланыс, БАҚ бөлімінің басшысы:

Этножурналистика қазіргі күнде өте маңызды рөл атқарып жатыр, себебі өзіміз көріп жатырмыз ғой әлемде не болып жатқанын. Этножурналистика бағыттары бойынша осы 4 күн ішінде көп нәрсе үйренеміз деп есептеймін. Еліміздің бірлігін насихаттау бағытында қандай жұмыстар атқарып жатқаны, соны қалай әлеуметтік желілерде жариялау бойынша да тренингтер өтеді.

Геннадий Шиповских, Сенат депутаты:

Қазақстан халқы Ассамблеясында бірқатар мықты-мықты жобалар бар. Өзім «Мемлекеттік тіл – этносаралық тілі» атты жобаның жетекшісімін. Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистері болсын, корреспонденттері, түрлі БАҚ өкілдері, олардың көбі қазір мемлекеттік тілге үлкен басымдық беріп жатыр. Сондықтан да дәл қазіргі кезде осы екі қоғамдық жобаның коллаборациясы біз үшін өте қызық әрі маңызды.



Бөлісу