Талдықорғанда «Таза ауа» экологиялық рейді өткізілді
Талдықорғанда Жетісу облысы бойынша Экология департаменті
мен қалалық Полиция басқармасы бірлесіп «Таза ауа» экологиялық рейдін өткізді.
Шараның негізгі мақсаты - атмосфералық ауаның сапасын бақылау және экологиялық
заңбұзушылықтардың алдын алу. Эко-акция барысында 20-ға жуық автокөлік
тексеріліп, арнайы құрылғылармен газ құрамындағы зиянды заттардың деңгейі
өлшенді. Шектен асқаны жоқ. Ұйымдастырушылар атмосфералық ауаның сапасын
тұрақты бақылауда ұстайтынын және мұндай рейдтердің жүйелі түрде жалғасатынын
айтты.
Әлімхан Баянұлы, Талдықорған қаласы патрульдік полиция ротасының аға
лейтенанты:
Көбінесе автокатализаторлары жоқ көліктердің зиянды шығындылары көбірек көрсетілуде. Ал тиісінше жаңа машиналардың шығындылары нормада көрсетілуде. Осы орайда осы акция бойыншы автокөлік жүргізушілеріне, автокөліктерін техникалық байқаудан уақытылы өткізіп, автокөлік шығындыларын тексеріп тұруларыңызды сұраймыз.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қазақтың дәстүрлі әндерін ұлықтады
05.11.2026, 13:13
Кітап оқитын ұлт: Жаңа энциклопедия жарық көрді
05.11.2026, 13:10
Қазақтың үш мәдени мұрасын ЮНЕСКО тізіміне ұсынды
05.11.2026, 13:09
Ақтөбе облысында тағы бір спорт мектебі ашылды
05.11.2026, 13:08
Су ресурстарының ситуациялық орталығы ашылды
05.11.2026, 13:07
«Kaztalov-invest» II аудандық инвестициялық форумы өтті
05.11.2026, 13:05
Электр энергиясы өндірісін арттыру – стратегиялық міндет
05.11.2026, 13:04
Депозиттерге ешқандай салық салынбайды
05.11.2026, 13:03