Үкімет Жолдауды іске асыру жоспарын қабылдады
Үкімет Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын мақұлдады.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Қазір ғана Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары таныстырылды. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, Жолдауды іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту, өнеркәсіптік негізді нығайту, ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа серпіні, көлік-логистикалық және туристік әлеуетті іске асыру, су инфрақұрылымын жаңғырту, сондай-ақ парламенттік реформа жүргізу сынды 8 бағыт бойынша 87 іс-шарадан тұрады. Үкімет отырысында қаузалған тағы бір мәселе жолдағы қауіпсіздікті күшейту. Бұл мәселе де Президент жолдауында көтерілген еді. Өйткені елімізде көлік апаттары азаймай тұр. Жыл басынан бері 22 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұған дейін жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізілетіні айтылған еді. Үкімет отырысы туралы толығырақ, қорытынды жаңалықтарда тарқатып айтамыз.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қазақтың дәстүрлі әндерін ұлықтады
05.11.2026, 13:13
Кітап оқитын ұлт: Жаңа энциклопедия жарық көрді
05.11.2026, 13:10
Қазақтың үш мәдени мұрасын ЮНЕСКО тізіміне ұсынды
05.11.2026, 13:09
Ақтөбе облысында тағы бір спорт мектебі ашылды
05.11.2026, 13:08
Су ресурстарының ситуациялық орталығы ашылды
05.11.2026, 13:07
«Kaztalov-invest» II аудандық инвестициялық форумы өтті
05.11.2026, 13:05
Электр энергиясы өндірісін арттыру – стратегиялық міндет
05.11.2026, 13:04
Депозиттерге ешқандай салық салынбайды
05.11.2026, 13:03