Талдықорғанда Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай «Асыл мұра» атты жыршылардың халықаралық фестиваль-шеруі өтті. Шараға түркітілдес халықтардың ұлттық өнерін дәріптейтін жыршылар келіп, жетісулықтарды өз жырларымен сусындатты. Атап айтқанда Түркия, Қырғыз елі, Қарақалпақстаннан 10-нан астам өнерпаз қатысып, рухани құндылықтарын паш етті. Фестиваль мақсаты - ұлттық өнерімізді сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу жолында жыршы-жыраулардың есімдерін кеңінен насихаттау. Жыршылардың шығармашылығын өскелең ұрпаққа үлгі ете отырып, еліміздегі жыршылық дәстүрді қайта жаңғырту. «Әрі жас ұрпақты ұлттық өнеріміздің қыр-сырына баулып, әдебиеті мен тарихын тануға мүмкіндік жасауды, өнер шеберлерінің шығармашылығына тың серпін беруді көздедік», - дейді ұйымдастырушылар.
Ирфан Гюрдал, жыршы, халықаралық байқаулардың лауреаты:
- Түркі дүниесін біріктіретін бәйгесі, қанаты ол жырларымыз, дастандарымыз. Жыр-дастандарымыз бәрімізге ортақ, бәріміздің ортақ қазынамыз деп ойлаймын. Сол үшін де бұл фестиваль үлкен фестиваль болуы керек.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.