Қазақстанда екі жол апатынан 15 адам қаза тапты
Өткен түнде елімізде екі жол апатынан 15 адам мерт болды. 23:30 шамасында Қарағанды облысында «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз» тасжолында Ford Mondeo жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, Changan көлігімен соқтығысты. Салдарынан 5 адам көз жұмды.
Ал түнгі бір жарым шамасында Жетісу
облысында «Алматы – Өскемен» тасжолында Nissan көлігі әуелі Lada ВАЗ, сосын
Chevrolet Cobalt автокөліктерімен соқтығысты. Жол апатынан Nissan жүргізушісі,
Lada-ның бір жолаушысы және Chevrolet-тің ішінде болған 8 адамның барлығы (оның
ішінде бір бала) қаза тапты.
Бірнеше күн бұрын Маңғыстау облысындағы жол апатынан 10 адам мерт
болған. «ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жол
апаттарының негізгі себебі – жүргізушілердің жылдамдықты арттыруы мен ережені
сақтамауы.
Автор
Жайна Сламбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Бүгін спортшылар 4 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 17:19
Абай облысында бір күнде 3 мың тал егілді
25.09.2026, 17:18
Жетісу облысында егін жинау науқаны қыза түсті
25.09.2026, 17:17
Жамбыл облысында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінді
25.09.2026, 17:14
Ел жаңалықтарына шолу
25.09.2026, 17:13
Нетаньяху мінберге шыққанда ондаған делегат залдан шығып кетті
25.09.2026, 17:12
Вашингтонда Трамп-Си саммиті аяқталды
25.09.2026, 17:10
Жасанды интеллект мектебі ашылады
25.09.2026, 17:07