ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, финалға шықты.
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионытында отандасымыз 90 келі салмақта кубалық Хулио Сезар Ла Круспен қолғап түйістірді. Бірінші раундта-ақ шабуылын үдеткен боксшымыз екінші және үшін раундта басымдықты сақтап, ақтық сынға жолдама алды. Сондай-ақ жартылай финалда 65 келіге дейінгі салмақта ирландиялық Мэрри Уолшпен жұдырықтасқан бұрымды боксшымыз Аида Әбікеева да тұманды альбионда өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында бақ сынайтын болды.
Ал 80 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғағаған Елдана Тәліпова жартылай финалда Польша елінің өкілі Агата Качмарскадан жеңіліп қалды. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржыны екі қола жүлдемен толықты.
Еске саламыз, бұған
дейін 60 келі салмақта бокстасқан
Виктория Графеева үшінші орын алған еді. Айта кету керек, бүгін Астана уақытымен
сағат 16:00-де Назым Қызайбай, Санжар Тәшкенбай және Махмұд Сабырхан жартылай
финалда бақтарын сынайды. Ал 22:00-де Алуа Балқыбекова, Төрехан Сабырхан,
сондай-ақ Наталья Богданова финалға шығу үшін жекпе-жек өткізеді. Бокс кештерін
тікелей эфирден
«Qazaqstan» және
«Qazsport» арналарынан көре аласыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
