Amre - халықаралық «Интервидение» музыкалық байқауында бақ сынайды
Мәскеуде өтетін халықаралық «Интервидение» музыкалық байқауына Қазақстан атынан белгілі әнші Amre, яғни Ернар Садырбаев қатысады. Әртістердің сахнаға шығу реті анықталды. Отандасымыз жетінші болып өнер көрсетеді. Бірінші болып сахнаға Куба әншісі шығады, одан кейін Қырғызстан, Қытай, Мысыр, АҚШ және Кения өнерпаздары. Осылайша қатысушылар 23 елдің атынан бақ сынайды. Amre – Қазақстанда ғана емес, шетелде де кеңінен танылған танымал әнші. Ол – көптеген музыкалық байқаудың жеңімпазы. Ресей жұртшылығы оны 2018 жылғы «Славян базарының» триумфаторы және Дима Биланның тәлімгерлігіндегі «Голос» шоуының финалисі ретінде жақсы біледі. «Интервидение» байқауына жеке орындаушылармен қатар 6 адамға дейінгі топтар да қатыса алады. Басты талап – әрбір қатысушы өз елінде аса танымал болуы тиіс. Бас жүлде – 30 миллион рубль. Жеңімпазды қатысушы елдерден жиналған кәсіби қазылар алқасы анықтайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
