Ертең күрестен Әлем біріншілігі басталады
Ертең Загребте күрес түрлерінен әлем біріншілігі басталады. Жаһан жұрты назарын тігетін додада 30 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Әсіресе қазақ жанкүйері бұл біріншілікті тағатсыздана күтуде. Неге?
Азат Қадырбек,тілші:
Шақпақты елдің астанасындағы аламан Загреб аренада өтеді. Олимпиадалық және олимпиадалық емес салмақ дәрежелерінің 1200 өкілі 9 күнге жалғасатын тартыста өзара мықтыны анықтайды. Еркін және грек-рим күресінде отандастарымыз толық құраммен бақ сынаса, әйелдер күресінде тек 65 келіде өнер көрсетпейміз. Дәл қазір жарыс аймағында соңғы дайындық жұмыстары жүргізілуде.
100-ге жуық елдің бозкілем шеберлері бақ сынайтын бәсеке шымылдығын еркін күрес шеберлері түреді. 13 қыркүйекте 61, 70, 86 және 125 келінің өкілдері жарыс жолына шықпақ. Қазақстан құрамасының намысын бұл күні Асылжан Есенгелді, Нұрқожа Қайпанов, Азамат Дәулетбеков және Әлішер Ерғали қорғайды. Бұған дейін Әлем чемпионатында олжа салған Нұрқожа мен Азаматтан жанкүйерлер бұл жолы да жүлде күтіп отыр.
Байрақты бәсекені «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде тамашалаңыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04