Бір донор кемі сегіз адамды құтқарады
Мамандар бір донор кемі сегіз адамның өмірін сақтап қалады дейді. Қазір Қазақстанда 4 мыңнан аса адам донорға мұқтаж. Елімізде 40 донорлық стационар, транспланттау бойынша ота жүргізуге лицензиясы бар 7 орталық қызмет етеді. Солардың бірі – Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы. Медицина мекемесінің 80 жылдық мерейтойына орай бүгін Алматыда Қазақстан хирургтарының IX Конгресі басталды. Жиынға Жапония, Қытай, Үндістан, Иран, Венгрия, Испания, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның жетекші мамандары бас қосты. Түрлі бейнесекция ұйымдастырылып, 100-ге жуық баяндама жасалды. Шара екі күнге жалғасады. 400-ден аса хирург қазіргі заман хирургиясының өзекті сын-қатерлерін талқылап, ортақ шешімдер қарастырды. Соның ішінде мәйіттік донор мәселесі де сөз болды.
Болатбек Баймаханов, А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма басшысы:
Бұл технология 60 жылдан бері дамыған технология. Мәйіттік донор дамыған мемлекеттерде бұл технологияның тиімділігі өте жоғары. 90-95%. Сондықтан біз оны міндетті түрде халықтың, оның ішінде балалардың денсаулығын сақтап қалу үшін біз оны дамытуымыз керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
