Таразда «Тектұрмас» тарихи-этномәдени кешені аумағын тазартты
Таразда «Amanat» партиясының облыстық филиалы «Тектұрмас» тарихи-этномәдени кешені аумағын тазартты.
«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында өткен шараға облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары мен жастар қанатының белсенділері қатысты. Олардың арасында отбасы мүшелерін ерте келген қызметкерлер де бар. Жалпы саны 50-ден астам қатысушы арық-атызды тазартып, пластикалық қалдықтарды жинады. Айта кетейік, «Таза бейсенбі» эко-акциясы былтырдан бері тұрақты түрде өтіп келеді. Биыл оған 1600-ден астам сала мамандары мен партия мүшелері қатысып, 30 тонна қоқыс шығарды.
Уәлихан Болатбек, облыстық «Amanat» партиясы филиалының атқарушы хатшысының орынбасары:
Жаз бойы, көктем бойы ауданаралық, ауыларалық жолдың бойын тазалағанбыз. Мұның барлығы сол тазалықты, елімізді, жерімізді, біздің кесенелерімізді, ескерткіштерімізді таза ұстау аса бір маңызды фактор болғаннан кейін соның аясында жұмыс істеп жатырмыз.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан онлайн қызметтер бойынша әлемдік үздік ондықта
29.10.2026, 20:30
Баспаналы болғысы келетін алматылықтар үшін тағы бір мүмкіндік
29.10.2026, 20:26
Отандық «Ерекше» фильмі үш халықаралық жүлдеге ие болды
29.10.2026, 20:24
Жасанды интеллект ғалымның көмекшісіне айналады
29.10.2026, 20:21
3 қарашада «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады
29.10.2026, 20:20
Абай облысында құрылыс қарқын алды
29.10.2026, 20:19
Өскеменде жол айрығының құрылысы аяқталуға жақын
29.10.2026, 20:18
Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтеріледі
29.10.2026, 20:15