Ақтауда «Eco School» жобасы жүзеге асырыла бастады
Ақтауда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында іске қосылған нөмірі 33-мектепте «Eco School» жобасы жүзеге асырыла бастады.
Оның аясында оқушылар қоршаған ортаны қорғауды, тазалық сақтап, қоқысты сұрыптап жинауды үйренуде. Осы мақсатта білім беру ұйымының дәлізіне арнайы қоқыс жәшіктері қойылған. Оған балалар пластикалық және шыны бөтелкелерді, макулатураны бөлек-бөлек жинайды. Жоба аясында «Мектепке гүл сыйла» акциясы да өткен. Шараға ұстаздар мен ата-аналар атсалысып, 200-дей гүл жиналды. Аталған мектеп 1200 орындық. Білім беру ұйымы биыл пайдалануға берілді.
Қарақат Жолдыбаева, №33 мектептің 8-сынып оқушысы:
Біздің мектебімізде «Eco School» бағдарламасы жүріп жатыр. Бұл бағдарламада табиғатты қалай қорғап, қалай бағалау керектігіміз туралы айтылады. Мен өзім қағаздарды бөлек-бөлек сұрыптап жинауға үйренген адаммын және ол жалғыз өзімде емес, мектепте де қалыптасқан жағдай.
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Интернет алаяқтық азаймай тұр
24.04.2026, 20:59
ЕуроОдақ ядролық энергетиканы қарқынды дамытпақ
24.04.2026, 20:30
Иран дағдарысына қатысты бейресми саммит өтіп жатыр
24.04.2026, 20:28
Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
24.04.2026, 20:27
Шекарадағы құжат тексерісі азаяды
24.04.2026, 20:27
Мегаполисте 85 мыңнан астам автокөлік иесі салық төлемеген
24.04.2026, 20:18
Шілдеден бастап банктер бір QR-кодқа қосылады
24.04.2026, 20:17
RES 2026 EXPO: Жасыл энергия көрмесінде құны $2,3 млрд болатын келісімшарттар жасалды
24.04.2026, 20:14