Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін басқарған, саяси сахнадан кетердің алдында сенатор болған Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 


Бас прокуратураның мәліметінше, ол лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды және қылмыстық жолмен алынған қаржыны заңдастырды деген күдікке ілінген. «Өзге ақпарат жария етуге жатпайды» деп хабарлады. Осы жазда оның протежесі саналатын жемқорлықпен күрес жөніндегі Ұлттық бюроны басқарған Талғат Татубаев пен Бас прокуратурада арнайы прокурор болған Олеся Кексель ұсталған. Кезіндегі «Қорғас ісі» бойынша олардың азаптау сияқты баптармен күдікке ілінгені мәлім.


Қожамжаровтың «Қорғас ісінен» бөлек те, түрлі оқиғаларға байланысты «іс-әрекеттеріне» құқықтық баға беріле ме екен? Қайрат Қожамжаров Ақмола облысының әкімі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметтерін де атқарғанын айта кетейік.


Бөлісу