Талғардағы қылмыс: Әрекетсіздігі үшін полицейлердің үстінен іс қозғалды
Кеше Талғар маңында ауыр күрсінетін оқиға болды. Қызыл Қайрат кентінде біреу сол жерде тұратын ер-азаматты атып өлтіріп, оның құйттай жиенін көлігіне отырғызып алып қашқан. Арнайы жасақ тез тапты, бірақ қылмыскер көлігімен жартастан аударылған, бала сол кезде жарақат алған.
Періштесі қаққан, аман-есен. Дегенмен дәрігерлер операция жасап, 2 жасар қыз баланың тілін 8 жерінен тіккен. Адвокат Гауһар Сариева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Адвокаттың таратқан
ақпаратына сәйкес, оққа ұшқан азаматтың қарындасы бір ай бұрын, әлгі адам
өлтіріп, баланы алып қашқанды «зорлады» деп айыптаған. Сол кезден бері полиция
шара қолданбады дейді заңгер. «Зорлады» деген күдіктіні ұстамағандары үшін
полицияға қарсы прокуратураның іс қозғағаны бүгін айтылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы