Қала топырағын зерттеу – экологиялық міндет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қала топырағын зерттеу – экологиялық міндет

Қала топырағын зерттеу – экологиялық міндет

Астанада қала топырағын зерттеп, оның қоршаған ортаға пайдасы мен зиянын ғылыми негізде дәлелдеп жүрген ғалымдар тобы бар. Мұндай экологиялық жоба Қазақстанда алғаш рет қолға алынып отыр. Жоба жетекшісінің айтуынша, экологиялық проблемалардың басым көпшілігі халық саны артқан жерлерде тіркеледі. Зерттеуде қаланың тек химиялық емес, микробологиялық-гельминтологиялық көрсеткіштері анықталды. 3 жылда 3 зертханада талдау жүргізіліп, нәтижесінде елорда аудандары қолайлы, экологиялық орташа қолайлы және қолайсыз болып 3 топқа бөлінді. 50 сынаманың 38-інен гермит жұмыртқалары табылған. Демек қала топырағының жағдайы мәз емес деген сөз. Сондықтан ғалымдар әлемдік стандартқа сай жаңа нормалар енгізу керек дейді. Жалпы зерттеуге отандық және шетелдік ғалымдар тартылды. Олардың дені жастар. Қатарда Еуразия Ұлттық университетінің магистр, докторанттары бар.

Аманбек Заңдыбай, жоба жетекшісі, қауымдастырылған профессор, Биология ғылымдарының кандидаты:

Топырақпен жұмыс істегенде біз, әдетте, ауыл шаруашылығына басымдық береміз. Кеңес одағы кезеңінен бастап зерттеулер негізінен егіншілік пен жайылымға бағытталды. Сондықтан қала топырағы елеусіз қалып, кенже салаға айналды. Қазіргі қолданыстағы стандарттар да өткен ғасырдың 60–70 жылдарындағы нормаларға сүйенеді. Сол себепті бізге жаңа нормативтер қажет.

Бөлісу