Енді алматылық студенттер өндірісте қолданылатын жоғары технологиялы роботтарды құрастыруға машықтанады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қытайдың жетекші жоғары технологиялық компаниясы келісім шартқа отырды. Нәтижесінде жоғарғы оқу орнына 2,5 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған. Бүгінде орталыққа 13 заманауи робот орнатылды. Студенттер техниканы меңгеріп, программалауды үйренеді. Жоба елдегі өндіріс саласына да оң әсерін тигізбек.
Дамир Жаңаберген, «Цифрлық және зияткерлік шеберханасы» директорының орынбасары:
Қазіргі келген роботтарды біз толықтай меңгеріп, оны студенттерімізге үйретеміз. Болашақта осындай роботтарды өзіміз жасап, модельдеп, шығарамыз. Яғни, бұған өзіміздің ғалымдарымыз да атсалысады. Қазақстан өндірістік салада дамуы үшін осындай робототехника ауадай қажет. Біз соған атсалысамыз.
Заманауи құрылғылар 600 шаршы метр аумақта орналасқан. Роботтар затты өлшейді. Кесіп, дәнекерлейді. Сканерлеу мүмкіндігі де бар. Жаңа технология 800-ге жуық студенті бар 3 мамандықта тереңдетіп үйретіледі. Мамандар «Бастама жасанды интеллект пен робототехниканы қатар үйренген жаңа буын инженерлерін даярлауға жол ашады», - деп отыр. Сондай-ақ халықаралық жобаларға қатысуға да мүмкіндік сыйлайды.
Бекзат Аманов, «Цифрлық және зияткерлік шеберханасының» аға ғылыми қызметкері:
Біз Лондондағы университетпен бір жобаны келісіп жатырмыз. Осы жерде, осы базада Лондонның тарабынан қойылған тапсырмаларды орындаймыз. Осы қол арқылы жан-жағынан сканерлеп, жасанды интеллектінің 95 пайызы. Сол 95 пайызды осы роботтың көмегімен қолдың қызметін атқарып, ақауын анықтап, соны жасау.
Нұрдәулет Сыздық
