Мектептегі буллинг үшін ата-анаға айыппұл салынады
Елімізде буллинг үшін жауапкершілік күшейтілді. Енді қатарластарына озбырлық көрсеткен баланың ата-анасы айыппұл төлеуге міндеттеледі. Бүгін Оқу-ағарту министрлігі көлемін бекітті.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Ұрып-соғу, ар-намысты қорлау, келемеждеу. Әлеуметтік желіде өзгеге бейәдеп сөз жазып, күн бермеу. Қатарласына әлімжеттік көрсеткендердің әрекеті енді елеусіз қалмайды. Мектептерде арнайы бағдарлама іске қосылды. Бұдан былай буллинг жасағаны үшін баланың ата-анасы 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 39 мың теңге айыппұл арқалайды. Бір жылда қайталанса, сомасы бірден үш еселенеді. Балаңыз сыныптастарынан озбырлық көргенін айтып келсе, не істеу керек? Әуелі мектеп әкімішілігіне хабарлайсыз. Олар буллингтің қашан, қай жерде болғанын тіркеп алуы тиіс. Өзіңіз де барлық деректі жазып отырыңыз. Өйткені, полицияға жүгінгенде ол керек болады. Айта кетейін, буллинг қана емес, енді ата-ана баланың бейәдеп сөзі үшін де жауапкершілік арқалайды. Қылмыстық кодекстің 161-бабына сәйкес, біреудің ар-намысын қорлап, балағаттағаны үшін 393 мың 200 теңге төлеуге міндеттеледі немесе 120 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады. Көшеде бейәдеп сөз айту бұзақылық болып есептеліп, 78 мың 640 теңге айыппұл, тіпті 15 тәулікке дейін қамалады. Жаза баланың жасына байланысты. 12 жасқа толғанға дейін шамамен 40 мың теңге, ал 14–16 жастағылар үшін 27 мың мөлшерінде болады.
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте балалардың жазғы демалысы мен инклюзивті білім беру мәселелері қаралды
31.07.2026, 20:40
«Болашақ ойындары-2026»: Баскетболдан турнир өтіп жатыр
31.07.2026, 20:30
Қазақстанның даму банкі ірі жобаларға қаржы құяды
31.07.2026, 20:23
Құрылтай сайлауына қатысатын саяси ұйымдардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
31.07.2026, 20:13
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
31.07.2026, 20:11
Лудоманияға қарсы шектеулер оң нәтиже беріп жатыр
31.07.2026, 20:06
Банктердің төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа моделі енгізілді
31.07.2026, 20:05
Ресейге қарсы ең ірі санкциялар пакеті қабылданды
31.07.2026, 20:03