Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады
Ұлттық банктің атын жамылып, қоңырау шалатын алаяқтардан сақ болыңыз. Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады. Себебі, банк қызметкерлері жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді. Тұрғындарға видео не аудио қоңырау да шалмайды. Сондай-ақ алаяқтар түрлі мекеменің атынан сілтемеге өтуді сұрайтын жасырын электрондық хаттар мен жалған SMS-хабарламалар жөнелтеді. Мамандар HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer және басқа да қашықтан басқарылатын қосымшаларды орнатпауға шақырады. Ал айлакерлерден қорғану үшін Ұлттық банктің байланыс орталығына немесе 1477 қысқа нөміріне хабарласу қажет.
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15