Алматы облысында «Таза табиғат – Таза сана» атты ақпараттық-кездесу шарасы ұйымдастырылды
Конституцияның 30 жылдығына орай Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында «Таза табиғат – Таза сана» атты ақпараттық-кездесу шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру дейді, - ұйымдастырушылар. Есік өзенінің бойында өткен экологиялық акцияға 100-ден аса адам қатысты.
Шарада қатысушылар арасында экологиялық қауіпсіздік пен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, пікір алмасу өтті.
Тілеулес Ұзақов, Еңбекшіқазақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Экологияға дұрыс қарамасақ, ертеңгі күніміз қандай болмақ? Ауамыз бен жеріміз ластанса, суымыз таза болмаса, жүретін ортамызды күтіп-ұстамасақ, соңы жақсылыққа апармайды. Сондықтан тазалық тек бір күндік шара емес, күнделікті насихат пен әдетке айналуы тиіс. Таңертең тұрсаң, көшеңді тазалаудан ұялма. Осындай іс жастардың санасына сіңсе, нәтижесі де мол болады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06