Алматыда экобелсенділер «90 күн – таза қала үшін» бастамасын қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда экобелсенділер «90 күн – таза қала үшін» бастамасын қолға алды

21.08.2025

Алматыда ерекше экологиялық бастама қолға алынды. 20 жастағы Дулат Нәбиев «Вирус» атты челлендж ұйымдастырып, 90 күн ішінде қала тұрғындарын қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырып жүр. Әр таң сайын ол қап алып, көшелерді қоқыстан тазартады. Сайран жағалауынан басталған экологиялық шара шаһардағы басқа көрікті жерлерге тез таралып үлгерген. Дулат өзінің жұмысын әлеуметтік желіде бөлісіп, басқаларға үлгі көрсетеді. Қазір ол еріктілер фронт офисінің мүшесі. Оның қасында 300-ге жуық ерікті бар. Қатарларына тұрғындар да, кәсіпкерлер де қосылған. Бірі қап жеткізсе, бірі су мен тамақ әкеледі. Дулаттың басты мақсаты – бұл бастаманы бүкіл Қазақстанға таратып, кең көлемді экологиялық қозғалысқа айналдыру.

Дулат Нәбиев, экобелсенді:

Қолымызда бір сыпыртқы мен 10 қап қана болды, қалай жинауды да дұрыс түсінбедік, тәжірибеміз жоқ еді. Соған қарамастан қорықпай көшедегі шашылған қоқысты жинап, алғашқы 5-10 күнде күн сайын 10 қаптан толтырдық. Қолымыздан келгенше Instagram мен TikTok арқылы халықты тазалыққа шақырып, 90 күнде жақсы нәтиже көрсеттік.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу