Қарағанды облысында «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері өзен жағалауын қоқыстан тазалады
Бүгін Қарағанды облысының Шахтинск қаласында «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері және жастар ресурстық орталығының мамандары Шерубай-Нұра өзенінің жағасын тазалады. Акцияға 70-ке жуық адам қатысты. Апта сайын белсенділер қала аумағын таза ұстау үшін сенбілікке шығады. Қоршаған ортаға деген қамқорлықты арттырып, табиғатты аялау әр тұрғынның міндеті болуы тиіс, дейді жастар.
Әсем Ақанова, Шахтинск қаласы Жастар ресурстық орталығының сектор меңгерушісі:
Әр адам қоршаған ортаға қамқор болып, табиғатты таза ұстауға міндетті. Бұл – бабалардан қалған баға жетпес мұра. Сондықтан жастарды табиғатты аялауға тәрбиелеп, экологиялық акциялар өткіземіз. Қала тұрғындарын да қатарымызға қосылуға шақырамыз.
Нұргүл Ахметова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каппадокияда үстіне тас құлаған үш адам көз жұмды
30.10.2026, 10:25
Әдеп нормаларын сақтау – халықтың мәдени деңгейін жоғарылатады
30.10.2026, 10:22
Жаһандық рейтингтердегі Қазақстан: Жетістіктер мен мүмкіндіктер
30.10.2026, 10:19
Жастар ЖИ болашағын талқылады
30.10.2026, 10:16
Жол құрылысында цифрлық технологиялар қолданылады
30.10.2026, 10:12
Салық заңнамасына өзгерістер енгізіледі
30.10.2026, 10:09
Испаниядағы пойыз апаты: Тұрғындар ауруханадағыларға қан тапсырып жатыр
30.10.2026, 10:08
Азия нарығында биткоин арзандады
30.10.2026, 10:07