Пластик қалдықтардан орындық та, қоқыс салатын жәшік те жасауға болады. Елорда іргесінде орналасқан өндірістік кәсіпорын қарапайым қоқыстан полимерлі-құмды композиттер жасайды. Алдымен пластик қалдықтар ұнтақталады. Кейін 250-300 градустық пеште балқытады. Пішін беріледі, өңделеді. Сосын экологиялық тұрғыдан таза әрі арзан өнім алады. Өндіріс қызметкерлерінің айтуынша, әкімдік пен құрылыс компаниялардан сұраныс бар.
Нұрбақыт Елеусізов, бригада басшысы:
Енді экологияға пайдасы зор ғой. Мұның бәрі шашылып, шіріп жатқанша іске асып, бір аулада тұрады, мысалы. Бір орындық шығарғанға 5500 пакет кетеді. Жылына енді 100-1500 тоннаға кетеді ғой. Суға, аязға, ыстыққа шыдамды. Шірімейді, боямайсың. Бірақ салмағы ауыр. Қаттылап бірдеңемен сындырмаса, 50 жылдай тұрады.
Темірлан Нұрсолтанов
