Көпжылдық үзілістен кейін елімізде Теміржол көлігі қызметкерлері күні бөлек атап өтіледі. Биылдан бастап мереке тамыздың бірінші жексенбісінде тойланады. Осыған дейін сала өкілдері Көлік қызметкерлері күнін атап өтетін. Қазақстан темір жолы компаниясы өкілдерінің айтуынша, мерекені қайтаруға ардагер теміржолшылар бастамашылық еткен. Аталмыш салада 50 жылдан аса уақыт жұмыс істеген, «Құрметті теміржолшы» Берік Айтбеков бұл шешімді қуана қабылдағанын айтады.
Берік Айтбеков, «Құрметті теміржолшы» белгісінің иегері:
Достық, Бескөл, Ақтоғай, Мойынты бағытындағы екінші жол іске қосылып, жүк тасымалы айтарлықтай артты. Бұл – бір. Екіншіден, Жетіген арқылы Алматыны айналып өтетін жол Ұзынағаш бағытымен салынып жатыр. Биыл аяқталса, ауыр жүк көліктері Алматыны жанай өтетін болады. Бұл – үлкен істің бастауы. Үшінші бағыт – келесі жылы Аягөз бен Бақты арасын қосу жоспарланып отыр. Бұл Қытаймен үш жол арқылы Бақты, Достық-Алашанькоу және Қорғас-Алтынкөл бағыттарымен түйісуге мүмкіндік береді. Бұл Қазақстан экономикасы үшін зор мүмкіндік деп ойлаймын.
Қалааралық пойыздардың тасымалы көбейіп жатыр. Астанадан Бурабайға жүрдек пойызын жүргізіп жатыр. Өзіміздің Қазақстанның экономикасынан Қызылжарда салынған вагондармен жүріп жатыр. Заманауи, қазігі талаптарға сай. Астана мен Қарағанды арасында қатынап жатқан пойыздар бар. Ол да бір үлкен нәтиже. Үш жерден жол салып жатыр ғой Шенгелді жақтан, Өзбекстаннан, Бақтыдан, Дарбаза бар. Осылардың бәрін іске қосса, біздің экономика әрі қарай көбейеді.
Асылбек Данияр
