Жыл басынан қазақстандықтарға 2 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан қазақстандықтарға 2 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді

21.07.2025

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге - 678,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға - 1 трлн 419,9 млрд теңге қарастырылды. 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 млн 489 мың адам. Бүгінде жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 529 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 912 теңге, базалық зейнетақы – 47 617 теңге. Биыл базалық зейнетақы төлемінің мөлшері инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып ұлғайтылды.

Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғарысын – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылуда.

Бибінұр Әмірханқызы

Хабарламаларға жазылу