Бокстан Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогы аяқталуға жақын. Бұл – рейтингтік жарыс. Оған қатысу үшін 29 елден 250 боксшы келген.
Жеңімпаздардың әрбір ұпайы олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді. Әлемдік жарыстың финалдық бәсекелерін көруге бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барды. Ұлттық құрама мүшелерімен кездесті.
Турнирде Қазақстан құрамасының атынан 20 былғары қолғап шебері бақ сынады. Солардың 11-і қазірдің өзінде жүлдеге ілікті. Мысалы, Назым Қызайбай, Махмұд Сабырхан, Бекзат Нұрдәулетов, Виктория Графеева, Наталья Богданова, Санжар Тәшкенбай алтын медал жеңіп алса, Нұрбек Оралбай күміс иеленді. Ал, Ертуған Зейнуллинов, Сағындық Тоғамбай, Аида Әбікеева, Айдана Забынбекова қола жүлдеге қол жеткізді. Тағы 5 боксшымыз финалда.
Жайна Сламбек
