Осы аптада АҚШ президенті Д.Трамп Ресей президентімен телефонмен тағы сөйлескен. Алайда іліп алары жоқ әңгіме болған сияқты. Д.Трамп сосын Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлескен.
Одан кейін журналистерге комментарий бергенде «Украинаға қорғаныс үшін Patriot зымыран жүйесі қажет. Өйткені оларды қатты атқылап жатыр» деген. Соңғы уақытта ресейдің әсіресе Киевті төпеп атқылауы үдеп кеткен.
Д.Трамп Украина қайта-қайта сұрап отырған Patriot кешендерін қайтадан бере бастайды деген үміт оянды.
Ақ үй жақында Украинаға кей қару түрлерін беруді тоқтатқанын хабарланған. Оның ішінде Patriot зымыран жүйелерін де атады. Бұл әрине, алаңдайтын жаңалық.
Ал Әзербайжан мен Ресейдің ушыққан қарым-қатынасы кезекті рет көп дүниенің бетін ашты. Бірінші кезекте кімнің болмысы ксенофобия мен нацизмге толы екені. Екіншіден, күштінің әлсізге зорлық көрсетуі тереңдеген үстіне тереңдеп бара жатқаны.
Жайна Сламбек
