Парламенттің ағымдағы сессиясы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламенттің ағымдағы сессиясы аяқталды

06.07.2025

Парламенттің ағымдағы сессиясы аяқталды. Палаталардың бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Е.Қошанов сессияны қорытындылады. Талқыланған, қабылданған заңдардың маңызына, маңыздыларына тоқталды.

Мысалы, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматқа базалық медициналық көмек беріледі. Жұмыссыз жүрген және жұмыс істемейтін адамдар үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеу жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

Міндетті онкологиялық скрининг мемлекеттік тегін медициналық көмек қызметтері тізбесіне енгізілді.

«Алайда денсаулық сақтау саласында түйткілді мәселелер бар. Үкіметпен бірге келесі сессияда жалғастырамыз»- деді Е.Қошанов. Осы тұста Мәжіліс депутаты Б.Базарбектің бас прокуратураға «СҚ-Фармация» және фармацевтикалық компанияларға қатысты арыз жолдағанын айта кетсек.

«Прокуратура органдары тарапынан фармацевтикалық салаға ауқымды тексеріс жүргізіледі, құқық қорғау органдары тарапынан соталды тергеулер, сондай-ақ, сот процестері болады, кінәлілер қамауға алынады деп күтеміз», - деді депутат.

Өткенде аудиторлар анықтаған сорақы фактілерді айттық. Мысалы, «КазМедПром» компаниясыауруханаларғамедициналыққолғаптарды 8 миллиард теңгегеөткізген. АлайдабұлқолғаптарТаиландтаннебәрі 4 миллиардқа сатыпалынған.

17 миллиард теңгеге керексіз препараттар сатып алынған, сөйтіп олар қоқысқа тасталған. Ешбір сараптамадан өтпеген, сертификатсыз дәрілердің қолданысқа енгені ше? Жоғарғы аудиторлық палатаның мәліметінше, сондай 23 миллион бірлік препарат бар, олардың құны - 12 миллиард теңге. Осындай фактілер жеккөрініш сезімін үдетіп, жақсы дүниені көзге ілгізбейді.

Жайна Сламбек

Хабарламаларға жазылу