Түркиядағы апапат өртке кінәлі адам анықталды
Түркиядағы апапат өртке кінәлі адам анықталды. Маниса аймағына қарасты Тұрғытлы ауылының 31 жастағы тұрғыны кене өлтіремін деп орманды өртеп жіберді. Ауыл сыртындағы үйінде жастық үстінен кене көрген азамат оны өртеп, бақшасына лақтырып жіберген. Қатты желдің кесірінен от жақын жердегі орманға тиіп, соның кесірінен 5 гектардан аса жер күлге айналды. Мемлекет мүлкіне зарар берген тұрғын қамауға алынды. Апта басынан бері Түркияның бірнеше аймағында қатар шыққан орман өртіне кінәлі деп танылған 17 адам қамалды. Олардың кейбірі қасақана, ал кейбірі абайсызда орман өртіне себепкер болған. Ал 5 күннен бері Түркияның Измир, Хатай, Маниса және Спарта өңірлерінде жанып жатқан орман және дала өрті бүгін бақылауға алынды.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар экологиялық мәселелерге үн қосты
12.11.2026, 14:13
Абдолла Қарсақбаев – қазақ киносының құлагері
12.11.2026, 14:11
Жолдауда ең өзекті мәселелерге назар аударылған
12.11.2026, 14:09
АҚШ президентінің арнайы өкілдері Мәскеуге барды
12.11.2026, 14:08
300-ге жуық мектепке бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен
12.11.2026, 14:07
Халықтың 97,5 пайызы интернетпен қамтылған
12.11.2026, 14:06
365 мыңнан астам бала Ұлттық қор қаражатын пайдаланды
12.11.2026, 14:06
Еліміздегі 1 000 мектепте стоматологиялық кабинет ашылады
12.11.2026, 14:05