Рақымшылыққа байланысты заңды Сенат та мақұлдап, Президенттің қол қоюына жіберді.
Ауырлығы жеңіл және орташа қылмыс жасағандарға ғана рақымшылық жасалады деген. Алайда ауыр қылмыс жасағандардың да жылы қысқарады. Бұл да рақымшылық. Демек бірінші сөйлемнен кейін үтір барын да айту керек.
Сол рақымшылыққа байланысты біздің тілші Ақмола облысы Аршалы ауданында былтыр пайдалануға берілген түрмеге барған. Рақымшылыққа ілігуді армандап отырғандармен тілдесті.Тағы бір назар аударғаны - ғимарат соңына дейін жабдықталмаған. «Сотталғандарға не үшін жаңа түрме салынуы керек, соншама жабдықтап қажеті не?» деп ойлайтындар бар. Алайда біріншіден, адам құқын ешкім жоққа шығара алмайды. Сотталған адамның да құқықтары бар. Ең болмағанда базалық қажеттіліктер өтелуі шарт. Оның үстіне мемлекет ретінде бекіткен халықаралық нормалар, конвенциялардың талаптарын орындау – міндет. Ал елдегі түзеу мекемелерінің қалпы жақсы емес. Мысалы, Жауғаштыдағы әйелдер колониясының ғимараты 80 жылдан аса жөндеу көрмеген. Ағып тұрған ыстық су жоқ, әжетхана далада. Ондағы перзентхана, балалар үйі де әбден ескірген. Иә, әркім өз өміріне жауапты. Қылмыс жасаған адам жазалануы керек. Бірақ адам ғана таныта алатын гуманизмнің бір мәні – қылмыскерді бостандығынан айырғанмен, одан әрі мансұқ етпеуде.Оның үстіне барактағы тіршілік адам түзей қоймайды-ау...
Ернұр Медеттің репортажы.
