Астанада ағаш көбейіп, қала жасылданып келеді
Жасыл желек – қала тынысы. Астанада зәулім үйлер ғана емес, сонымен бірге ағаштар да көбейіп жатыр. Қазір елордада 17 млн түптен аса жасыл желек бар. Оның 3 млн-ға жуығы қала ішінде болса, 14 млн-нан астамы елорданың сыртындағы – «Жасыл белдеуде». Былтыр «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1 млн. астам жасыл желек отырғызылды. Биыл да сол шамада жұмыс атқарылмақ. Оның ішінде ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер де бар. Бұл қала әкімдігі берген мәлімет. Ал тұрғындардың өздері не дейді? Расымен Астананың келбеті жасыл желекпен көмкеріліп келе ме? Тұрғындар пікірін тындайық.
- Иә, Астанада көгалдандыру жақсы, менің ойымша. Біз 2013-ші жылы келдік Астанаға, содан қарағанда әлде қайда жақсы.
- Біз Алматыда табиғатты бұрынғы берген ағаштары тұр ғой. Бұл жерде жаңадан барлығы қондырды қандай тамаша. Парктер, скверлер өте әдемі. Маған қатты ұнайды.
- Мен өз басым техникада жұмыс істедім. Өзім 400-500 ағаш отырғызған шығармын. Сосын Астана орманы бар ғой мына қаланың сыртында, ол жақта да болдым, ол жақта да біраз талдар көп. Көгалдандыру жақсы жүріп жатыр.
- Астана көркейіп жатыр осылай, талдарды өсіріп, ағаш өсіріп, гүлдетіп жатыр
Томирис Байғабыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Интернет алаяқтық азаймай тұр
24.04.2026, 20:59
ЕуроОдақ ядролық энергетиканы қарқынды дамытпақ
24.04.2026, 20:30
Иран дағдарысына қатысты бейресми саммит өтіп жатыр
24.04.2026, 20:28
Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
24.04.2026, 20:27
Шекарадағы құжат тексерісі азаяды
24.04.2026, 20:27
Мегаполисте 85 мыңнан астам автокөлік иесі салық төлемеген
24.04.2026, 20:18
Шілдеден бастап банктер бір QR-кодқа қосылады
24.04.2026, 20:17
RES 2026 EXPO: Жасыл энергия көрмесінде құны $2,3 млрд болатын келісімшарттар жасалды
24.04.2026, 20:14