Басты Жаңалықтар 7 жылда 3,6 млн жұмыс орны ашылды

7 жылда 3,6 млн жұмыс орны ашылды

Соңғы жеті жылда ел ішінде 3 миллион 600 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 2 миллион 400 мыңы – тұрақты жұмыс. Өңірлердің үлесін қарасақ, Ақмола мен Қостанай облыстары көш бастап тұр. Екі аймақта да көрсеткіш 76 пайызға жеткен. Ал жұмыс орындарының жалпы саны бойынша Ақтөбе мен Жамбыл облыстары алда. Жаңа жұмыс орындары негізінен білім беру, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларында ашылған. 2030 жылға дейін тағы 3 млн 300 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Оның 480 мыңы еңбекке биыл тартылуы тиіс.

Бөлісу