Ақтауда «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтіп жатыр
Ақтауда Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Әріптесім Аягөз Оралбайқызы сол жерден тікелей эфирге қосылды, Аягөз, тазалық жұмыстарына бұл жолы кімдер атсалысуда?
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Қайырлы күн, Дархан!
Тазалық акциясына «Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұжымы, «Жас Stars» бастауыш партия ұйымы өкілдері мен депутаттар қатысып жатыр. Олар 15-шағын аудандағы теңіз жағалауын қоқыстан тазалауда. Жұмыс барысын «Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Анар Шамшадинованың өзінен сұрайық.
- Анар Амангелдіқызы, «Таза бейсенбі» акциясына қатысушылардың белсенділігі қалай?
Анар Шамшадиновағ «Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары:
Бүгінгі шарамыз экологтар күніне тұспа-тұс келді. Жалпы «Таза Қазақстан» идеясы, «Таза бейсенбі» идеясы тек қана табиғатты тазалау ғана емес, адамның салауатты өмір салтын қалыптастыруға ұмтылуы.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Иә, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы облыс аумағында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Оған аудан, қала тұрғындары атсалысып жүр. Былтырдан бері 29 мың тонна қоқыс шығарылған. Ал биыл 5 мың тонна тұрмыстық қатты қалдық жиналып, полигонға жеткізілді.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Жолдауы ел дамуына сеп болатын стратегиялық бағдар
30.10.2026, 17:14
Білім саласындағы реформалар мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді
30.10.2026, 17:10
Халық Кеңесінің мүшелері ұстаздармен кездесті
30.10.2026, 17:08
Отандық өндірушілерді қолдаудың жаңа тетіктері ұсынылды
30.10.2026, 17:07
Ел инфрақұрылымына $292 млрд инвестиция қажет
30.10.2026, 17:05
Қаратас мыс кені учаскесін геологиялық барлап жатыр
30.10.2026, 17:03
Қазақстан Түркі елдерімен сауданы $10 млрд-қа жеткізді
30.10.2026, 17:00
Су үнемдеу технологияларына субсидия көлемі артты
30.10.2026, 13:15