«Таза Қазақстан» - елді біріктірген бастама - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таза Қазақстан» - елді біріктірген бастама

05.06.2025

 «Таза Қазақстан» жобасының басталғанына бір жыл болды. Халықтық акция туралы дәл қазір Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтан білсек. Ерлан Нұралыұлы, қайырлы таң! Сіз эфирдесіз. Елдің барлық өңірін қамтыған ауқымды жобаның нәтижесі мен тиімділігі туралы айтып берсеңіз!

Ерлан Нысанбаев, Экология және табиғи ресурстар министрі:

Өздеріңізге мәлім өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы үлкен іс-шараның бастамасын бастап, мемлекетіміз бойынша жер-жерде осы бастаманың аясында көптеген акциялар өтті. «Киелі мекен», «Киелі жер», «Киелі өлке», «Мөлдір бұлақ» сияқты. Осы бастамалардың өзі тек елді біріктіріп қана қоймай бойдағы патриоттық сезімді көтерген сияқты. Бүгінгі күнге де осы іс-шаралар жалғасуда. Ол ағаш отырғызу, аулаларды тазалау, көлдерді тазалау сиқты жұмыстар. Бұған қатысқан халықтың бүлдіршіндерімізден бастап, қарияларға дейін. Сол себепті біз ойлаймыз бұл мереке сала мамандарының кәсіби мерекесі емес, жалпы халқымыздың мерекесі деп есептеуге болады. Барлықтарыңызды осы мерекемен құттықтаймын.

Бүгін - Эколог күні және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні! Сала қызметкерлерінің мерекесіне орай елде қандай шаралар ұйымдастырылады?

Ерлан Нысанбаев, Экология және табиғи ресурстар министрі:

Бүгін өңірлерде мереке күні. Осы бастаманың алғашқы күнінен жүріп жатқан іс шаралар жалғасады. Бұл «Таза өлке», «Таза аймақ», «Мөлдір бұлақ» сияқты. Мектептерде экосағаттар өтеді. Одан тыс салада көп жыл жұмыс жасап жатқан, еңбектері сіңген біздің мамандарға марапаттар белгіленген. Осы бастаманы Президентіміз жариялаған күннен бастап халқымыздың экология мәселелеріне бетбұрысы ерекше көріністе. Сол себепті мереке құтты болсын. Бүкіл халқымыз осы іс шараларға қатыссын дегім келеді. 

Дархан Рахымжан


Хабарламаларға жазылу