Қазақстан туралы үздік роман авторы анықталды
Қазақстан туралы үздік роман авторын анықтайтын әдеби сыйлықтың жеңімпазы марапатталды. Қаламгер өмір бойы ай сайын 500 доллар сыйақы алып отырады. Байқау осымен 4-рет ұйымдастырылып отыр. Биыл финалға 6 қолтаңба өтіп, mecenat.kz сайтында халық арасында дауысқа салынды. Бас жүлде «Тургенев көшесіндегі үй жұмысқа қабылдайды» атты романы үшін жас қаламгер Әлихан Жақсылыққа бұйырды. Фэнтези жанрындағы шығармада қаланың қауырт тіршілігіндегі адамдардың сан түрлі тағдыры баяндалады.
Әлихан Жақсылық, жазушы, үздік роман авторы:
Дауыс берудің ерекшелігі - биыл оқырман 1-1,5 минут рецензия жазуы керек болды. Өзінің оқыған романы туралы кез келген оқырман айтуы мүмкін, бірақ бір беттік рецензия жазуға бәрі бірдей атсалыса бермейді. Автор мен оқырман арасында ерекше байланыс болды. Соның арқасында жеңдім.
Жанел Өтеулі
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25