37 мың оқушысы бар қалада лагерь жоқ
Қостанайда 37 мыңнан аса оқушы бар, алайда қала маңында балаларға арналған жазғы лагерь жоқ. Сондықтан биыл 200-ге жуық оқушы үшінші жыл қатарынан Көкшетауға барады. Сондай-ақ тағы сонша ерекше қажеттілігі бар балалар өңірдегі «Хатико» оңалту орталығында демалса, мыңнан астамы мектеп лагерінде тегін аспен қамтылады. Бұл көрсеткіш өте аз. Сондықтан қала сыртындағы ескі лагерді қалпына келтіру мүмкіндігі қаралып жатыр. Ал облыста барлығы 12 лагерь бар, мұнда биыл 8 мыңнан аса оқушы демалады, деп жоспарланып отыр.
Анна Лазарева, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының баспасөз хатшысы:
Қаладағы балалардың басым бөлігінің жазғы демалысы өңірдегі басқа лагерлердің базасында өтеді. Қазір қала маңындағы «Нива» ескі лагерін білім бөлімінің теңгеріміне ауыстыру мәселесі қаралып жатыр. Кейін реконструкция жасау үшін аумақ толық зерттеліп, жобалық сметалық құжаттар тағайындалады. Қажет қаражат құжат рәсімдерінен кейін белгілі болады. Бұған уақыт керек.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Криптовалюта мен цифрлық теңгенің айырмашылығы неде?
17.05.2026, 20:16
Бюджеттегі ұрлық: Былтырдан бері білім беру саласында 85 қылмыстық іс тіркелген
17.05.2026, 20:07
Сатып алу, пара беру, оқып алу: Жүргізуші куәлігіне қатысты заңсыздықтар қашан тыйылады?
17.05.2026, 20:06
LRT Астананың тағы қай аудандарына салынады?
17.05.2026, 20:05
Қазақстан мен Түркия «АНКА» дрондарын бірге өндіреді
17.05.2026, 19:56
Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде қандай ұсыныстар айтылды?
17.05.2026, 19:55
Ардагерлер кеңесі 5 жылдық жоспарын бекітті
16.05.2026, 20:13
Зиянды шегірткелерді улауға дрондар қолданылады
16.05.2026, 20:12