Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде қандай ұсыныстар айтылды?
Біз адамзаттың даму жолындағы бірінші және екінші индустриялық төңкерістер кезінде бодан болдық. Үшінші кезең – компьютер дәуіріне Кеңес Одағы құлаған соң барып қосылдық.
Қазір төртінші индустриялық революция уақыты. Ал бұл кезең көз ілеспес шапшаңдықпен дамып барады. Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласына қатысты: «Біз өркениет көшіне ілесеміз бе, әлде артта қаламыз ба, бұл – біздің тағдырымызға тікелей әсер ететін ең маңызды мәселе», – деп жүр. Рас. Цифрлық дәуір деген әлеуметтік желілер ғана емес. Ең маңызды қыры ол емес. Бүкіл тіршілікті құратын база. Қаласаң да, қаламасаң да – айналып өте алмайтын жол.
Байқасақ, түрлі халықаралық жиындарда міндетті түрде талқыланатын тақырыпқа айналды. Себебі мемлекеттер арасындағы экономикалық келіссөздер мен уағдаластыққа керек мәліметтерді біртұтас және толымды етіп талдайды. Себебі цифрлық технологиялардың арқасында жүк тасымалы, тиісінше, сауда-саттық артады. Себебі бюрократиялық кедергілерді барынша азайтуға септеседі.
Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің басты тақырыбы да – жасанды интеллект.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04