Зиянды шегірткелерді улауға дрондар қолданылады
Батыс Қазақстан облысында зиянды шегірткелерді дронмен улау көзделіп отыр. Зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу шарасы енді басталады. Іске кіріспес бұрын жауапты мекеме өкілдері арнайы техникалардың дайындығын пысықтады.
Шегірткелерді улауға осындай 6 дрон қолданылады. Өңірде облыстық штаб құрылып, 440 анықтаушы маман белгіленген. Олар зиянкес жүрген жерлерді көрсетіп отырады. Ал келісімшартқа отырған 6 мердігер арнайы техникаларымен өңдеу шарасын жүргізеді. «Құрал-сайманымыз сақадай сай» дейді олар. Жұмысқа 58 арнайы техника мен екі жеңіл ұшақ жұмылдырылмақ.
Бағдат Жумин, «Фитосанитария» РМК облыстық филиалының директоры:
Сұйықтық сыйымдылығы - 45 литр. Бір заправкамен 4,5-5 гектарға дейінгі аумақта жұмыс істеп келеді. Бұл автоматты түрде ұшырылады. Бұл уақыт жағынан өте тиімді. Ештеңе қалдырмайды. Толықтай 100 пайыз өңдеп келеді белгіленген аумақты.
Биыл өңірде 455 мың гектар жер химиялық өңдеуден өтпек. Оның жартысынан астамы шегірткені улауға бағытталған. Қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Ал саяқ шегірткелері бар 225 мың га алқапты өңдеуге облыстық бюджеттен 620 млн теңге қаржы қаралған.
Сәкен Қаныбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінің төрағасы:
Бүгін бәрін көріп жатырмыз. Дайындық өте жақсы. Былтырғы жылға қарағанда көлемі азайып жатыр. Былтыр 237 мың гектар болатын болса, биыл 220 мың гектар. Жаңа техникалар көріп жатырсыздар. Дрондарды пайдаланып жатырмыз. Қосымша тағы да 50 дрон алдық мониторинг жүргізуге. Ол дер кезінде зерттеу жұмысын жүргізіп және өңдеу жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Ел бойынша шегірьеелерді улауға 7,1 миллиард теңге бөлінген. Мамандардың айтуынша, жылдан жылға зиянкестердің таралу аймағы азайып келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы