Ұстазын балағаттаған оқушы мемлекеттік мектепке ауысты
Алматыда Назарбаев мектебінен шығарылған оқушы мемлекеттік мектепке ауысты. Білім ошағының әкімшілігі педагогикалық кеңесте қаралған шешімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин хабарлады. Оның сөзінше, Назарбаев Зияткерлік мектебі өз шешімін өзгертпейді, Сұңқар Майқан мектептен шығарылды. Оқушының ата-анасы тарапынан ешқандай қарсылық жоқ. Еске салайын, оқу жылы аяқталар тұста 11-сынып оқушысы сабақтан шеттетілген. Мектеп басшылығының сөзінше, Сұңқар Майқан емтихан ережесін өрескел бұзып қана қоймай, ұстазды балағаттаған. Даулы мәселені Оқу-ағарту министрінің өзі жеке бақылауына алған еді.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Криптовалюта мен цифрлық теңгенің айырмашылығы неде?
17.05.2026, 20:16
Бюджеттегі ұрлық: Былтырдан бері білім беру саласында 85 қылмыстық іс тіркелген
17.05.2026, 20:07
Сатып алу, пара беру, оқып алу: Жүргізуші куәлігіне қатысты заңсыздықтар қашан тыйылады?
17.05.2026, 20:06
LRT Астананың тағы қай аудандарына салынады?
17.05.2026, 20:05
Қазақстан мен Түркия «АНКА» дрондарын бірге өндіреді
17.05.2026, 19:56
Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде қандай ұсыныстар айтылды?
17.05.2026, 19:55
Ардагерлер кеңесі 5 жылдық жоспарын бекітті
16.05.2026, 20:13
Зиянды шегірткелерді улауға дрондар қолданылады
16.05.2026, 20:12