Қазақ композиторы Канн фестиваліне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ композиторы Канн фестиваліне қатысты

26.05.2025

Отандық музыкант Канн фестивалінде өнер көрсетті. Қазақстандық кинокомпозитор Айжан Нұркенова жас режиссёрлар мен кино мектептердің түлектеріне арналған өнер додасында бақ сынады.

Ол “Эфир” атты қысқаметражды фильмді музыкамен әрлеген. Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі қазір Ұлыбританияда Ұлттық кино және телевизия мектебінің магистратурасында оқып жатыр. Талантты пианист әрі композитор бұған дейін Италия, Германия, Швейцария және басқа да елдерде жеке концерт берген. Канн кинофестивалінен бөлек, Айжан Нұркенова музыкасын жазған аудио-драма жақында Нью-Йоркте өткен радио байқауда бас жүлде мен алтын медальге ие болды.

Айжан Нұркенова, кинокомпозитор:

Өте ерекше әсер алдым. Бұл киноиндустрияда жүрген кез келген адам үшін үлкен қуаныш деп ойлаймын. Қазақстандық киногерлермен шығармашылық әріптестік орнатар едім. Бірақ әзірге ондай жоспар жоқ. Қазір үнді және қытай режиссёрлерімен жұмыс істеп жатырмын. Компьютерлік ойынға да музыка жазып жатқан жайым бар.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу