Атыраудағы атышулы іске қатысты сот басталды
Атырауда бүтін бір отбасының 4 адамын өлтірді деген күдікке іліккен Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот отырысы басталды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Қазір Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық сотында бір отбасының төрт мүшесін аса қатыгездікпен өлтірді деп күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі ашық өтіп жатыр. Отырысқа БАҚ-ы, екі тараптың жақын-жуығы мен қоса қала тұрғындары да қатысуда. Қоғамды дүр сілкіндірген сот отырысы көпшіліктің көз алдында ашық өтіп жатыр. Айыпталушы сотқа наурыз айынан бері қамауда отырған тергеу изоляторынан жеткізілді. Оған қылмыстық кодекстің 13-бабы бойынша айып тағылып отыр. Тергеу мәліметінше, 2025 жылдың 14 мамырында Сұлтан Сәрсемәлиев Наурызбен теміржол вокзалында жанжалдасып қалған, кейін екеуі Мұнайшы ықшам ауданындағы жалдамалы үйде кездескен. Айыптау нұсқасына сәйкес, күдікті ас үй пышағымен шабуыл жасап, Наурыз сол жерде көз жұмған. Кейін ізін жасыру мақсатында денесін үйдің ауласына көміп тастаған. Содан соң күдікті оның телефонынан 4 млн теңгеден астам несие рәсімдеген. Сондай-ақ айыптау актісінде екінші қылмыс та баяндалды. Оны алдағы шығарылымдарда айтамыз. Іс материалдарында күдіктінің жәбірленушілердің малын сатып, ақшаны иемденгені туралы да айтылды. Қазіргі уақытта сот процесі жалғасып жатыр. Келесі отырыста куәлардан жауап алынып, іс бойынша дәлелдер тыңдалады.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10