Басты Жаңалықтар Бүгін – Халықаралық музей күні

Бүгін – Халықаралық музей күні

Бүгін – Халықаралық музей күні. Осыған орай Үкімет басшысының орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сала қызметкерлерін құттықтады. Вице-премьер Қазақстанның музей ісі қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, саланы цифрландыруға да ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтты. Қазір барлық өңірдегі 284 музей E-museum бірыңғай жүйесіне қосылған. Цифрлық каталогқа 66 мыңнан астам жәдігер енгізіліп, 15 виртуалды тур қолжетімді болды. Аида Балаева Мемлекет басшысының бастамасымен тарихи сананы жаңғыртуға, мәдени мұраны сақтауға және оны болашақ ұрпаққа жеткізуге басымдық беріліп жатқанын жеткізді. Бүгінде республика бойынша 286 музей жұмыс істейді. Олардың қорында 4,5 миллионнан астам жәдігер сақталған. Ал музейлерге жыл сайын 6,5 миллионнан астам адам келеді. Бүгін кешке еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі «Музейлер түні» акциясы өтеді. Келушілерге экскурсиялар, көрмелер, интерактивті бағдарламалар, шығармашылық кездесулер мен мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылады.


Бөлісу